Әдістемелік десант » Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-51-42
Есепші бөлімі:
+7(72771) 5-34-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
октябрь
2018

Әдістемелік десант

«Жаңартылған бағдарлама аясында физика, информатика пәндерін үш тілде оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі» тақырыбындағы аудандық әдістемелік десант өткізілді. Әдістемелік десанттың мақсаты: Жаңартылған бағдарлама аясында физика, информатика пәндерін үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдерге инновациялық технологиялардың тиімділігі туралы әдістемелік көмек беру, пәндік және тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру болды.
Сол күні Ж.Бәрібаев атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі
Отегенов Б.Ж. физика пәнінен : «Бүкіләлемдік тартылыс заңы» тақырыбында
9 «А» сыныппен , мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Омарбаева Р.Р. информатика пәнінен : «Сымсыз желілер» тақырыбында 6 «Ә» сыныппен үш тілді кіріктіре отырып сабақ көрсетті. Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Батырханова А.З., физика пәнінің мұғалімі Махмедханова Г.М. шебер- сынып өткізіп, мұғалімдер толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Әдістемелік десант соңынан мұғалімдер кері байланыс жасап,өз тілектерін білдірді.

Әдістемелік десант
Әдістемелік десант
Әдістемелік десант
Әдістемелік десант
Әдістемелік десант
Әдістемелік десант
Әдістемелік десант
Әдістемелік десант
Әдістемелік десант
Әдістемелік десант
Әдістемелік десант