«Mentor School - 2025» жобасы «Тәлімгерлік – заманауи мектептегі коммуникацияның жаңа дизайны» атты педагогикалық идеялар форумы » Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-51-42
Есепші бөлімі:
+7(72771) 5-34-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Mentor School - 2025» жобасы «Тәлімгерлік – заманауи мектептегі коммуникацияның жаңа дизайны» атты педагогикалық идеялар форумы
21
май
2022

«Mentor School - 2025» жобасы «Тәлімгерлік – заманауи мектептегі коммуникацияның жаңа дизайны» атты педагогикалық идеялар форумы

«Қарасай аудандық білім   бөлімі» ММ

«Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия» КММ

«Mentor School - 2025» жобасы

  «Тәлімгерлік – заманауи мектептегі коммуникацияның жаңа дизайны» атты педагогикалық идеялар форумы


2020 жылдың қараша айында «Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Алматы облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясының ұжымы «Ұлттық ұстаз онлайн академиясының ұйымдастыруымен өткізілген 60 сағаттық «Акселератор успешных школ» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына қатысты.

2021 жылдың 26 сәуірінде мектептің даму жоспары ретінде "Mentor School – 2025" жобасын құрып, сәтті қорғап шықты.Мектеп-гимназия ұжымы 2021жылдың мамыр айынан бастап «мұғалім – мұғалім», «мұғалім – оқушы», «оқушы – оқушы», «мұғалім – ата-ана», «мектептің татуластыру қызметі» атты 5 бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізді.

2022 жылдың 21 мамырында«Mentor School – 2025»жобасы бойынша тәжірибе алмасу, менторлар мен ментилердің қарым-қатынас нәтижелерімен танысу, қорытынды шығару мақсатында мектеп-гимназия ұжымы Іле Алатауы баурайында орналасқан «Аul RESORT» демалыс орталығында «Тәлімгерлік – заманауи мектептегі коммуникацияның жаңа дизайны» атты ауқымды педагогикалық идеялар форумынөткізді. 

Нетворкинг   мақсаты – мұғалімдердің, білім беру ұйымдары басшыларының, мүдделі тараптардың интеграциясы, заманауи мектепте жаңа ұғымдар мен құндылықтарды құруға көмектесетін педагогтердің құзыреттілігін қайта құру болды. 

Форумға«Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КММ директордың әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмысы жөніндегі орынбасары–Мұхметова Ғалия Жолтайқызы, Қарасай аудандық оқу-әдістемелік кабинеттің аға әдіскері – Нурсапаева Маржан Маулитаевна, Қарасай аудандық оқу-әдістемелік кабинеттің әдіскері – Нұрғазы Айнур Нурғазықызы және Алматы облысының білім ұйымдарының басшылары шақырылды.

Философия ғылымдарының докторы, EurasianCenterforPeopleManagement білім беру бағдарламаларының жетекшісі, Қазақстандағы білім беру мекемелерін трансформациялау бойынша сарапшы – Канагатова Алмагуль Медихатовна, сертификатталған бизнес-тренер, РСС, МВА коучы – НургульКурманова, «COMUNITYPLUS мәдени-әлеуметтік және білім беруді дамыту қоры» қоғамдық қорының құрылтайшысы, "Клуб Неидеальных Родителей " (ҚХР, ерекше ата-ананы дамыту жобасы), "Главное Товарищество отцов " (ГТО, балалардағы soft skills дағдыларын дамыту жобаларының авторы – ЭльмираКарманова, EurasianCenterforPeopleManagement білім беру бағдарламаларыорталығының жетекшісі – СултанбекКайым, "Digital Ustaz Almaty 2021" байқауының жеңімпазы, Galaxy International School гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі – Калиев Сагынгали Зейноллаевич, педагогика ғылымдарының магистрі, докторант, Спорт және туризм академиясының ТОФКиС кафедрасының аға оқытушысы –КопжановҒалымжан Балыкбаевич, Спорт және туризм академиясының магистранты -Дүйсембек Аблай Сәмбебайұлыжәне «Аналар үйі» ресурстық орталықтың үйлестірушілері мен "Қазақстан волонтерлар лигасының» өкілдері педагогика саласындағы озық тәжірибелерімен, білім беру саласының болашағы мен жаңа технологиялардың әсері, оқыту саласындағы ғылым жетістіктері мәселелері бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті.

Жыл бойғы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мектеп-гимназияның білім сапасының динамикасы жоғарылады, үштік одақ арасындағы түсініспеушіліктер біршама азайды. Ұжымның педагогика-психологиялық ахуалы тұрақтала бастады. Мұғалімдер әдістемелік және шығармашылық деңгейін аудандық, облыстық және республикалық іс-шараларда жоғары дәрежеде, ал дарынды және талантты оқушылар өз жетістігін облыс және республикалық деңгейдегі олимпиада мен байқауларда көрсетті. 

Алмалыбақ орта мектеп-гимназия ұжымы келесі оқу жылында бәсекеге қабілетті оқушыларды қалыптастыру, білім алушыларға заманауи білім беру жүйесі бойынша сапалы білім бере алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, үйрену мен үйретуге дайын педагогтар қауымын арттыруды мақсат етеді!