«Жаңартылған білім беру жүйесінде қалыптастырушы бағалауды енгізу» тақырыбында мектебімізде аудандық семинар өтті » Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-51-42
Есепші бөлімі:
+7(72771) 5-34-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаңартылған білім беру жүйесінде қалыптастырушы бағалауды енгізу» тақырыбында мектебімізде аудандық семинар өтті
24
ноябрь
2016

«Жаңартылған білім беру жүйесінде қалыптастырушы бағалауды енгізу» тақырыбында мектебімізде аудандық семинар өтті

«Жаңартылған білім беру жүйесінде қалыптастырушы бағалауды енгізу» тақырыбында мектебімізде 16.11.2016 жылы аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: Мектептерде білім беру бағдарламасын жаңарту аясында мұғалімнің іс-тәжірибесіне қалыптастырушы бағалау жүйесін енгізу. Қатысқандар: Қарасай ауданының ББ әдіскері Бегалиев Ж.Т., аудандық мектеп үйлестірушілері, ӘБ жетекшілері және бастауыш сынып мұғалімдері. Қарасай ауданынан барлығы-75 мұғалім қатысты: А.Пушкин ОМ, Алтын ауыл ОМ, Б.Қосынов ОМ, Абай ОМГ, О.Жандосов ОМ, М.Әуезов ОМ, В.Белинский ОМ, Н.Әлімқұлов ОМ, А.Байжанов ОМ, Қ.Сатбаев ОМ, Үшқоңыр ОМ, Қарасай батыр ОМ, М.Ломоносов ОМ, 1 Май орта мектеп, Ст. Шамалған ҚОМ, Ст.Шамалған ЖҚОМ, Ы.Алтынсарин ОМ, Ж.Бәрібаев ОМ, Ә.Байсалбаев ом, М.Бейсебаев ОМ, Жармухамбет ОМ, К.Әзірбаев ОМ, Тамабай ОМ, Қ.Қошмамбетов ОМ, А.Макаренко ОМ, Н.Крупская ОМ, Ушинский ОМ, М.Ғабдуллин ОМ, Абай ауылы ОМ, М.Маметова ОМ, Л.Толстой ОМ, Қырғауылды ОМ, Бұлақты БМ, Долан БМ.

Жоғарыда аталған семинарда төмендегі мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, зерттеу сабақтарын өткізді. Дуйсебекова Қарлығаш Досымбековна – директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары «Білім беру бағдарламасынжаңарту аясында критериялды бағалау жүйесін енгізу», Темирболатова Меруерт Жумабековна – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Оқу үдерісіндегі қалыптастырушы бағалау» тақырыптарында презентация даярлап, тәжірибелерімен бөлісті. Содан кейін қонақтар сабақтарға қатысты.

 

                                                       

  

1 «Г» сынып мұғалімі Избасарова Полина Михайловна сауат ашу пәнінен «Как ты заботишься о маме» тақырыбы бойынша сабақ өткізді. 1 «Б» сынып мұғалімі Қарғабаева Эльмира Бектеновна сауат ашу пәнінен «Сыныптас достарым» тақырыбы бойынша сабақ өткізді. 1 «В» сыныбында Шалғынбаева Камила Жайлауовна –қазақ тілі пәнінен «Менің анам» тақырыбы бойынша сабақ өткізді. 1 «А» сыныбында Имангазинова Светлана Асымовна – ағылшын тілі пәнінен «My room» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.

 

 

 

Семинарды қорытындылай келе аудандық мектеп үйлестірушілері мен ӘБ жетекшілеріне арналған ортақ хабарламалар алмасу үшін электрондық пошта ашылды.

Өткізілген сабақтар бойынша келген мұғалімдер өздерінің ойларын ортаға салып, сабақтың қызықты кезеңдерін және оқушылардың белсенділігін айтып, сабақ берген мұғалімдерге өздерінің алғысын білдірді.

Рефлексия бойынша қажеттілігі анықталды: әсіресе жас мамандарға осындай семинарлар көп болса деп ойлаймын, критериалды бағалау түрлерін білдім, қалыптастырушы бағалаудың әдістері мен тәсілдерін білдім. Мен білгім келеді: қалыптастырушы бағалау парағын қалай толтыру, сабақ жоспарын қалай құру керек, осындай семинарларда сабақтарға көбірек қатысу.