Оқушылар парламенті - өзін-өзі басқарудың озық үлгісі » Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-51-42
Есепші бөлімі:
+7(72771) 5-34-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар парламенті - өзін-өзі басқарудың озық үлгісі
30
март
2017

Оқушылар парламенті - өзін-өзі басқарудың озық үлгісі

Оқушылар Парламенті - өзін-өзі басқарудың озық үлгісі

Мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау науқаны әдеттегіден қызу өтті.

 

Оның себебі бұл жолы Президенттікке кандидаттыққа 9 оқушы қатар түсті. Олар сайлауалды бағдарламаларын алдын-ала ұсынып, ынталы топ үгіт-насихат жұмысын белсенді жүргізді. Президенттікке үміткерлер: 10-сынып оқушылары Шаяхмет Ерасыл, Дүйсебай Жауһар,Джумагулова Аружан, Перепичай Алиса, Абдалимова Алина, 9-сынып оқушылары Амангелді Айдана мен Жанат Динеля – оқудағы озық жетістіктерімен, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласуымен көпке үлгі болып жүрген озат оқушылар.

 

Мектеп оқушылары өзін-өзі басқару ұйымының ережесіне сай Президент сайлауына мектеп ұжымы, яғни мұғалімдер, оқушылар түгел қатысты. Президент сайлауы белгіленген кабинадағы жәшікке құпиялықпен жасырын дауыс беру тәртібімен өтті.

Парламент Президентін сайлау нәтижесін шыға ру үшін дауыс санау сайлау комиссиясының және үміткерлердің қатысуымен ашық, жариялылықпен өтті. Қорытындысында 52,5 пайыз басымдықпен дауыс жинаған 10-сынып оқушысы Перепичай Алиса өзін-өзі басқару ұйымының Президенті болып сайланды.

Оқушылар линейкасында Президент ресми түрде хабарланып, құттықтау жасалды.Мектеп оқушылары Парламентінің жаңа құрамының жұмысына сәттілік тілеп, лицейді өркендету жолындағы мақсат-міндеттерінің, ұсынған бағдарламаларының жүзеге асуына тілектестік білдіреміз.