Работа попечительского совета » Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-51-42
Есепші бөлімі:
+7(72771) 5-34-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
апрель
2018

Работа попечительского совета

«Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия 

мектепке дейінгі шағын орталықпен»КММ


2017-2018 оқу жылының І жарты жылында

қамқорлық кеңесі атқарған жұмысының есебі

 

Қамқорлық кеңес жұмысының мақсаты: біріңғай педагогикалық ұстаным негізінде оқыту мен тәрбие беруде педагогикалық ұжым мен қамқорлық кеңесі қарым – қатынасын ұйымдастыру, кешен оқу – тәрбие жұмысының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу.

Жыл бойында қарастырылатын мәселелер мемлекеттің тәрбие беру іс – шарасына бірлесіп атқаруға ата – аналар қауымын тарту, олардың педагогикалық мәдениетін, білімін көтеру мектеп пен отбасында салауатты өмір салтын ұйымдастыруға ықпал жасау және балаларды әлеуметтік жағынан қорғау.

Қыркүйек айынан бастап мектепте қамқорлық кеңес құрылып, жұмыс жоспары бекітілді және де материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтау жұмысы жүргізілді.

Жалпы оқыту жөніндегі айлық және «Мектепке жол», «Қайырымдылық» қамқорлық акциялары ұйымдастырылып, жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысу актісі жасалып, мұқтаж балаларға көмек көрсетілді. Мектепке қамтылмай қалған бала жоқ. Оларға тегін оқулықтар, мектепке қажетті құрал-жабдықтар, киім - кешектер таратылды және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.

Қыркүйек айындағы кеңес отырысында әлеуметтік педагог Б.Аймаш қазіргі күнге дейін 75 ата – анадан түскен өтініштері мен жинақтаған құжаттарын көрсетті.

Сонымен қатар қамқорлық кеңес отырысында мектепте ұялы телефонды қолдану ережесі қабылданып, бекітілді. Бұл ережемен барлық сыныптардың ата-аналары таныстырылып, қолдары қойылып алынды.

«Қамқорлық» акциясына барлық сыныптар өз үлесін қосты, белсенді қатысты. Сынып сағаттарында «Қайырымдылық», «Жақсыдан шапағат», «Мейірімділік» тақырыптарына арналған әңгімелер өткізілді.

Кәмелетке толмағандардаң бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және олардың бос жүрмеулері үшін мақсатты жұмыстар жүзеге асырылуда. Олардың мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысулары, спортпен шұғылданулары, әр түрлі үйірмелер мен спорт секцияларына қатысулары бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Педагогикалық ұжыммен бірлесіп нашақорлық және зиянды заттарға әуестенудің алдын алудағы бағдарламалар бойынша мақсатты түрдегі жұмыстар жүзеге асырылуда. Білім басқармасы, Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы, Денсаулықты сақтау басқармасы, СПИД-тің алдын алу орталығы, СӨС қалыптастыру, медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарымен бірлесе жұмыс атқарылуда. «Жасөспірімдердің құқығы» тақырыбында мектеп инспекторы, әлеуметтік педагог 5-9 сыныптың оқушыларымен мектептің акт залында кездесу өткізді.

Жұмыс жоспарына сәйкес жалпы ата – аналар жиналысы өткізіліп, онда төмендегідей мәселелер қарастырылды: «Отбасы тәрбиесі», «Өзара қарым – қатынас жасау мәдениеті», «Құқық бұзушылық мәселесі бойынша мектеп пен отбасының өзара әрекеті». Аталған жиналыстарда ата – аналар нормативтік - құқықтық актілерімен танысып, психологиялық – педагогикалық ата – аналарға білім, мағлұмат беру жұмысы іске асырылды.

2017-2018 оқу жылының І жарты жылдығында 1 ші сынып оқушыларының ата- аналарына психологиялық қолдау «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында ата –аналар конференциясы; «Отбасылық зорлық зомбылық және өз - өзіне қол жұмсаудың алдын алу» 1-4 сынып оқушыларының ата –аналарымен жиналыс; «5 ші сынып оқушыларының сәтті бейімделуіне жағдай жасау жолдары» ата -аналарға ұсыныстар беру; «Мамандық таңдау өмірімнің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында 9а класс оқушыларымен ата-аналарымен бірлескен дәстүрлі емес ата- аналар жиналысы; ҰБТ –ға емтиханға дайындауда ата –аналарды психологиялық тұрғыдан қолдау тақырыбында және «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі және өз –өзіне қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында 1-11 сынып ата –аналар жиналысы өткізілді.

2017 жылдың 27.11.-30.11 аралығында 1-11 сыныптар арасында «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі» тақырыбында қамқорлық кеңес мүшелерінің қатысуымен барлық сыныптардың ата-аналар жиналысы өткізілді Жиналыста ата-аналарға қауіпсіздік шаралары, балаларын әлеуметтік желілерге отырғанда қадағалаудың түрлері, баланың психо-эмоционалдық жағдайы туралы кеңес мүшелері сөйледі. Балаларымен әңгіме кеңес жүргізіліп, «Ата-аналар бақылауы» бағдарламасын үй компьютеріне орнатып, балаларды қадағалау керектігі түсіндірілді. Әртүрлі әлеуметтік желіде қазіргі уақытта көбейіп кеткен қоғам үшін қаупі мол ойындарға балалардың кірмеуі қатаң қадағалануы қажет екені айтылды. Сонымен қатар балалардың қалта телефонындағы әлеуметтік желілерді ата-ана тарапынан үнемі қадағалап отыруы қажет екеніне баса назар аударылды.

Мектеп психологГ. Мырзатлеуова,Г. Толегенова балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу тақырыбында түсініктеме жұмысын жүргізді. Оқушылардың мінез-құлықтарындағы пайда болатын оғаш қылықтарға ата-аналардың назар аударып, себебін анықтап отыруы керек екендігі айтылды. Өзі-өзіне қол жұмсауға әрекет ететін қауіпті топқа кіретін балалардың психологиясына тоқталды. Өзі-өзіне қол жұмсаудың алдын-алуда ата-анаға кеңес берді.

Барлық сыныптарда жиналыс хаттамасы жазылып, әр ата-ананың танысқаны туралы қолдары қойылды.

Республикалық «Мектепке жол» акциясында жағдайсыз, көмекті қажет ететін жанұя балаларына мектепке қажетті құралдар мен киім кешектер берілді. Алтын күз жәрмеңкесі, Денсаулық күні, Жаңа жыл мерекесі, ардагерлерді аралау, салауатты өмір салты және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру мәселелеріне мектебіміздің қамқорлық кеңесі ерекше назар аударады. Ата – аналар қауымдастығы өкілдері бракираж комиссиясы жұмысына қатысады.

Әрине, барлық мәселелер өз шешімін оңайлықпен таппайды. Негізгі мәселелер мен қиындықтарды шамамен төмендегідей белгілеуге болады: Мектеппен бірлесіп атқаратын іс – шараға барлық ата – аналар бірдей белсене қатыса алмайды;

- Ата – аналардың педагогикалық мәселелер бойынша кеңес алуға өз уақыты жете бермейді;

- Оқу жылының аяғында оқушылардың жазғы демалыс кезін ұйымдастыру туралы жалпы мектептік және сыныптың ата – аналар жиналысын өткізу жоспарлануда.

І жарты жыл бойынша қамқорлық кеңес жұмысы жоспар бойынша атқарылды.