"Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі" тақырыбында 7-8 сыныптардың ата-аналарына лекторий өткізілді. » Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-51-42
Есепші бөлімі:
+7(72771) 5-34-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі" тақырыбында 7-8 сыныптардың ата-аналарына лекторий өткізілді.
19
апрель
2023

"Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі" тақырыбында 7-8 сыныптардың ата-аналарына лекторий өткізілді.

2023 жылдың 19 сәуірінде мектебіміздің "Отбасы бақыт мекені" ата-аналармен өткізілетін айлық жоспарына сәйкес "Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі" тақырыбында 7-8 сыныптардың ата-аналарына лекторий өткізілді. Бұл кештің басты қонағы - Бауыржан Момышұлының өнегелі келіні, қазақы дәстүрді насихаттаушы, жазушы, ел анасы Зейнеп Ахметова болды. Зейнеп апамыздың кітаптарын, әрбір жазбасын оқыған сайын алтын сандықтан маржан сөздерді уыстап-уыстап алып алғың келетін өнегелі әңгімелері мен баланың ана құрсағына біткеннен бастап дүниеге келгенге дейінгі тәрбиесіне қатысты мағлұматтар тыңдалды. Бұл кездесуде Зейнеп апаның өз аузынан "бесік жыры", баланы қырқынан шығару, бала тәрбиесі, тұсау кесу, қамқорлық көрсету, ұрпақ жалғастығы туралы құнды ақпараттарды естіп, жиналған қауым өз сұрақтарын қойды. Ата-аналар мен мұғалімдер қауымы сұрақтарына толыққанды жауап алып, пікірлесті. Кеш соңында ел анасы жастарымыз үлгілі, өнегелі, білімді болса екен, ергеңгі күні еліне ес болатын, халқына қызмет ететін, мынау кім десе қазақтың ұлы-қызы дейтіндей азамат болып, ата-анасының, ел-жұртының көз нұры, көңіл қуанышы болсын деген тілегін білдірді.


https://www.instagram.com/p/CrPlqrRIjRd/