11.04.2023 жылы 1-2 қазақ сыныбының ата-аналарына «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында лектори өткізілді. » Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-51-42
Есепші бөлімі:
+7(72771) 5-34-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11.04.2023 жылы 1-2 қазақ сыныбының ата-аналарына «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында лектори өткізілді.
11
апрель
2023

11.04.2023 жылы 1-2 қазақ сыныбының ата-аналарына «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында лектори өткізілді.

Оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беруде, салауатты ұрпақ қалыптастыруда мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігін жетілдіру, бірлесе жұмыс жүргізу мақсатында мектеп-гимназиямызда ата-аналар айлығы ұйымдастырылуда. Мектебіміздегі іс-шара жоспарына сәйкес 11.04.2023 жылы 1-2 қазақ сыныбының ата-аналарына «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында лектори өткізілді. Лекториға мектебіміздің ата-анасы “DN Medicus pharm” дәрігер неврологы - ГУЛЬНУР БАКЫТОВНА «Балалардың денсаулығындағы смартфонға тәуелділіктен болған ақаулар және оны алдын алу» тақырыбында, “Қаскелең медициналық орталығы” дәрігер-онколог, терапевт, патоморфологы- АЙГЕРІМ БОЛАТҚЫЗЫ «Балалардың денсаулығына әсер ететін факторлар. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында сөз сөйледі. Іс-шараның басты спикерлері ретінде «Сенім Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының психологы Қуаныш Қуатқызы мен журналисі Меруерт Маулетқызы қатысты. Спикерлер қазіргі кездегі отбасында баланы қалай тәрбиелеу керектігі жөнінде, отбасы – бала бойына құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы екендігін сөз етті. Ұлы Абай атамыз былай деген екен: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстаздан, үшіншісі – құрбысынан». Сондықтан қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де, ата-ана бала тәрбиесіне мән берулері тиіс. Ұрпақтар сабақтастығы тек осылайша жалғасын таппақ. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Ата-ана, ұстаз, қоғам – үшеуі, бала тәрбиесіндегі басты өлшем. Бір тұтасып, күштерін біріктірген тәрбиенің үш мектебі адамның мінез-құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіреді. Тұғыры берік елдің отбасы да берік болады, отбасы қазығы нық қағылса, шаңырағы берік тәрбиеленер ұрпағы да өнегелі болмақ деп ата-аналарды бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлу керектігі туралы айтты. Барлық келген ата-аналарға, іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосқан 1-2 сыныптың сынып жетекшілеріне алғысымыз шексіз. Іс-шара жоспарына сәйкес барлық ата-аналарды келесі болатын ата-аналардың лекториіне қатысуға шақырамыз! Сіздер өздеріңізге қажетті ақпаратты аласыздар, әртүрлі спикерлерді тыңдап, өздеріңізге пайдалы ой түйетін боласыздар



11.04.2023 г. проведена лекция для родителей 1-2 классов казахского языка на тему «Семья».


https://www.instagram.com/p/Cq66qX_ojb-/