26
ноябрь
2021
LESSON STUDY зерттеу сабағы
2021 жылдың 26 қарашасында Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясында 6 "Г", 7 "А" сыныптарында Lesson study зерттеу сабағы жүргізілді. 6 "Г" сыныбында орыс тілінен: под крышей дома своего. "Словесный портрет" имени прилагательного тақырыбында Сырымбетова Акмарал Бакытжановна мен 7 "А" сыныбында қазақ тілі пәнінен «Л.Н Толстой атындағы орта мектебінен" келген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалдықыз Зиндапиловна сабақ өтті. Пән бойынша білім сапасын арттыру, сабақ процесін жақсартуға бағытталған әдіс-тәсілдердің тиімдісін анықтауға бағытталған Lesson Study зерттеуін жүргізуде мұғалімдерге әдістемелік көмек ұсыну мақсатында жүргізілді. Әдістемелік ұсынымда Lesson Study зерттеуі, оның жүргізілу барысы мен мақсаты туралы теориялық түсінік беріледі. Мектебімізде өткізілген Lesson Study зерттеуі бойынша өз іс-тәжірибемізбен бөлістік. Жоспарлау, сауалнама жүргізу үлгілерімен, сондай-ақ сыныптағы түрлі деңгейлі оқушыларды таңдап алу, бақылау картасын толтыру, сабақтарды талдау мен оқушылармен сұхбат жүргізу бойынша ұсынбалар берілді. Бұл ұсыным мектеп мұғалімдеріне сыныптағы Lesson Study зерттеуін жүргізуге бағыт-бағдар береді. Бұл Lesson study зерттеуі өте жоғары деңгейде өтті. Қарасай ауданынан келген пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға атсалысқан ұстаздарымызға: Жазира Тоқтакыновна, Жанар Болатовна, Гулсім Серікжановна, Ақмарал Бақытжановна, Гулжан Абдуалиевна, Динара Тондыбаевнаға алғыс білдіреміз!