Мерекелік іс-шаралар » Алматы облысы Қарасай ауданы отдела образования по Карасайскому району
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа-гимназия села Алмалыбак
отдела образования по Карасайскому району
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72771) 5-51-42
Бухгалтерия
+7(72771) 5-34-94
Версия для
слабовидящих
21
сентябрь
2018

Мерекелік іс-шаралар

   Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 5 шілдедегі №322 бұйрығына, Алматы  облыстық білім басқармасының 1.08.2018 жылғы №516-н бұйрығына , аудандық білім бөлімінің 2018 жылдың 26 тамызындағы №348 бұйрығы негізінде сценарий  дайындалып  бекітілді.  Мектеп-гимназия  оқушыларын  сапқа  тұрғызу  рәсімі  08.45 басталып, оқушылар сапқа тұрғызылды.  Музыка әуенімен жүргізушілер ортаға шығып,  1 –сынып оқушылары ортаға шақырылды.
       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, салтанатты жиынның қонақтары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Абылкасымова Ділда Ұлановна,  «Игілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Игиликов Кенжегали Какенович,  «Игілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаске басшысы Игиликов Дастан  Кенжегалиевич таныстырылды.  Құттықтау сөз сөйленді. Нұрасыл мен  Аружанның орындауында «Алтын өмір» әні орындалады.  1- сынып оқушылары әдеби-сазды жолдау жолады. Клевич Варвараның орындауында -Родина Моя! әні орындалды. Мектеп Гимні орындалып , оқушылар сап түзеп , жүріп өтті. Алғашқы қоңырау соғу құрметі 11 сынып оқушысы  Даулеткерім Бағдаулет пен 1 сынып оқушысы  Сулеймен Жасминге берілді. 1 сынып оқушылары  шарлар ұшырды. «Песня первоклашек» әні орындалып  1-сынып оқушылары саппен мектеп ішіне кірді. 1-11 сынып оқушылары алғашқы білім сабағына шықырылып , салтанатты жиын аяқталды.

Мерекелік іс-шаралар