Ата-аналарды қолдау орталығы » Алматы облысы Қарасай ауданы отдела образования по Карасайскому району
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа-гимназия села Алмалыбак
отдела образования по Карасайскому району
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72771) 5-51-42
Бухгалтерия
+7(72771) 5-34-94
Версия для
слабовидящих
10
февраль
2024

Ата-аналарды қолдау орталығы

Мектебімізде бүгін ақпанның 10-ы «Ата-аналарды қолдау орталығының» жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналарға арналған «Сенім арту - жетістік кепілі». «Қиын жағдайда баланы қалай қолдау керек?» тақырыбында кездесу өткізілді. 7-8 сыныптың ата-аналарының қатысуымен өткізілген іс-шараны Байздрахманова Алия мен Бағыбаева Майгүл атты психолог мамандарымыз жүргізді. Бала тәрбиесі, баланың мінез-құлқындағы қиындықтар, отбасындағы ана мен әкенің рөлі, мектеп пен ата-ананың байланысы туралы кеңестер беріліп, жаттығулар жасалды. Сонымен қатар отбасындағы әке мен ананың әрбір балаға жас ерекшелігіне қарай өзіндік жол табуы, тіл табысуы, оларға дұрыс жолды көрсете алуы жөнінде тапсырмалар берілді. Баланың ішкі жан-дүниесіне үңіліп, жетістіктері мен қиындықтарына дер кезінде көңіл бөле отырып, болашаққа бірге жоспар құруды қолға алуымыз қажет екендігі айтылды. Ата-аналар өздерінің қиындықтарымен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.