«Жаңартылған білім берудегі мұғалім мен оқушы құзыреттілігі: уақыт талабы» » Алматы облысы Қарасай ауданы отдела образования по Карасайскому району
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа-гимназия села Алмалыбак
отдела образования по Карасайскому району
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72771) 5-51-42
Бухгалтерия
+7(72771) 5-34-94
Версия для
слабовидящих
» » «Жаңартылған білім берудегі мұғалім мен оқушы құзыреттілігі: уақыт талабы»
30
март
2017

«Жаңартылған білім берудегі мұғалім мен оқушы құзыреттілігі: уақыт талабы»

«Жаңартылған білім берудегі мұғалім мен оқушы құзыреттілігі: уақыт талабы»

2016 жылдың 03 желтоқсан күні сағат 13:00-де «Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен» Управления образования Алматинской областинде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Жаңартылған білім берудегі мұғалім мен оқушы құзыреттілігі: уақыт талабы”атты педагог-қызметкерлердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ғылыми-конференцияның негізгі мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға және педагогикалық тәжірибелерін таратуға жағдай жасау. Конференцияға Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің оқытушылары арнайы шақырылды: х.ғ.к., профессор – Мансуров Бакир; аға оқытушы – Бирталаев Ерлан; п.ғ.д., профессор – Амирова Амина; п.ғ.м., аға оқытушы – Астамбаева Жұпат; п.ғ.к., доцент – Қосанов Багдат; –п.ғ.к., доцент – Искакова Макпал; п.ғ.к., профессор – Сейдахметов Бауыржан; п.ғ.к., доцент – Қабатай Бидана; –п.ғ.к., профессор – Берикханова Айман; п.ғ.к. – Сыдыкова Жайнагүл. Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің әдіскері – Раимова Ләйлә Мәуленовна ғылыми-практикалық конференцияның қонағы болды. Конференцияның басымдылық бағыттары: «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтары, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, жаңартылған білім беру аясында азаматтық белсенділік, патриоттық және көшбасшылық қасиеттердің қалыптасуы.

 

 

«Жаңартылған  білім берудегі мұғалім мен оқушы құзыреттілігі: уақыт  талабы»

 

 

Келелі жиынды кіріспе сөзбен мектеп-гимназиямыздың директоры – С.О.Махамбетова ашты. Конференцияның педагог-қызметкерлер үшін маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларды құттықтап, барлығына сәттілік тіледі. Пленарлық сессияда – мектеп-гимназия директоры С.О.Махамбетова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Ж.М.Альпенова және директордың оқу-әдістемелік іс жөніндегі орынбасары К.Д.Дүйсебекова білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер бойынша баяндама оқыды. Сонымен қатар, мектебіміздің пән мұғалімдері Қарғабаева Э.Б., Кудрявцева Р.А., Касымова Н.С., Сулеева А.А., Беделова Ж.У., Кожахметов К.Ж., Беличенко В.С., Шелепова И.Н., Сулейменова Н.М., Волковинская Н.Б., Касымжанова А.С., Хван Р.Ф., Васильева М.В., Шамрай Л.Л., Каймулдинова Д.К., Карабалаева Ш., Аймаш Б. өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарын қорғап, әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Жоғары білікті ұстаздарымыз Локтева Н.И., Волковинская Н.Б., Жетенова Ж.Б., Калигулова Г.А., Бопатаева Д.Т., Темирболатова М.Ж., Голосовская Н.Н. шеберлік сыныптарын өткізді. Бұл бөлімде тек біздің ұстаздар ғана емес, Абай атындағы ҚҰПУ-нің оқытушылары Сайдахметов Б.С. және Берикханова А.Е. өз тәжірибесімен бөлісті.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары өткен ғылыми конференция бойынша өз ойларын ортаға салды. Ізденіс жолындағы мектепке және мектеп ұстаздарына алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Ғылыми-практикалық конференцияның жоғары дәрежеде өткенін атап өтіп, үлкен ғылыми зерттеу жолына бастама болған конференцияның ұйымдастырушыларына алғыс білдірді. Педагог-қызметкерлерді ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, өз еңбектерін көрсеткені үшін, Абай атындағы ҚҰПУ-нің алғыс хатымен марапаттады

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткізілген ғылыми-практикалық конференцияның мұғалімнің өз құзыреттілігін көтеруде және олардың ғылыми тәжірибе алмасу арқылы рухани өсуіне жол ашуда маңызы зор болды деп ойлаймын. Жас маман ретінде, кәсіби даму жолында үнемі ізденісте болып, өз тәжірибемізді жетілдіріп отыруымыз керек. Озат мұғалімдердің тәжірибесімен алмасып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру қажет. Осы тұрғыда конференцияның тигізген ықпалы орасан зор болды.