“Мектепке жол”қайырымдылық акциясы » Алматы облысы Қарасай ауданы отдела образования по Карасайскому району
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа-гимназия села Алмалыбак
отдела образования по Карасайскому району
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72771) 5-51-42
Бухгалтерия
+7(72771) 5-34-94
Версия для
слабовидящих
02
сентябрь
2021

“Мектепке жол”қайырымдылық акциясы

“Мектепке жол”қайырымдылық акциясының қорытындысы туралы мәлімет
Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адам¬-ның жоғары адамгершілік белгісі ре¬тінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шады¬ман тір¬шілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. Мей¬ірім¬ділік махаббат, қайырымдылық, адал¬дық секілді ақ жүректен шығады.

Жыл сайын еліміз көлемінде «Мектепке жол!» атты республикалық акциясы өткізіліп келеді.Бұл акция көптеген жеткіншекке шапағат нұрын себуде. Бұл бір реттік қана көмек емес, жыл бойы жалғасып отыратын үрдіс. Осы ретте акция кезінде ғана емес, басқа уақытта да тұрмысы төмен отбасын азық-түлікпен, балаларды қыстық киіммен қамтып, тұрақты демеушілік көрсетіп тұратын азаматтардың бары қуантады. Биыл мектебіміздегі акция барысында 3 отбасыға азық-түлік, 9 оқушыға мектеп формасы, 42 оқушыға мектеп құрал жабдықтары ұйымдастырылған болатын. Алдағы уақыттарда да акциямыз жүйелі түрде жүргізілетін болады. Ерекше алғысымызды “Ұмтыл” ауылдық округінің әкімдігіне, “Бір үйдің баласындай”қайырымдылық қорына және аяулы ұстаздарымызға білдіреміз!