ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖЫЛ БОЙЫ ЖАЛҒАСАДЫ » Алматы облысы Қарасай ауданы отдела образования по Карасайскому району
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа-гимназия села Алмалыбак
отдела образования по Карасайскому району
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72771) 5-51-42
Бухгалтерия
+7(72771) 5-34-94
Версия для
слабовидящих
23
ноябрь
2020

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖЫЛ БОЙЫ ЖАЛҒАСАДЫ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖЫЛ БОЙЫ ЖАЛҒАСАДЫ

 23.11.2020




Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы тапсырмасына сәйкес, жыл сайын дәстүрге айналған, жаңа оқу жылының қарсаңында қолға алынған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы биылдан бастап он екі ай бойы жалғасын табатын болды деді фейсбук парақшасында Білім және Ғылым миністрі Асқар Аймағамбетов.

«Алмалыбақ орта мектеп-гимназия» Управления образования Алматинской областинде «Бір апта-бір қайырмдылық!» ұранымен өтіп жатыр.

Егеменді еліміздің жарқын болашағы бүгінгі жас бүлдіршіндер, сондықтан  барлық игі жақсылық пен  жүрек жылылығы балғын балаларға арналады.

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым», — деген даналық сөзінде айтылғандай, «Мектепке жол » қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты ­– ­мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға материалдық көмек  көрсету.

Әлеуметтік қолдауға зәру балаларға барынша көмек көрсету үшін мектеп  әкімшілігімен, әлеуметтік педагог С.Назымбек демеушілермен мецананттарға, қайырымды жандарға үндеу таратып, акцияға қатысуға шақырды.

Жаны жомарт, жүрегі нұрға толы демеушілеріміз, мектеп ата-аналары, мұғалімдер, сынып жетекшілері, жағдайы төмен отбастарына азық-түлік, интернет тарифтік төлемдер, оқушыларға қажетті жылы киімдер, оқу-құралдары мен сөмкелер тарту етті. 

Балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, мейірімділік пен жомарттық танытқан демеушілерімізге мектеп атынан алғысымызды білдіреміз.

Бала ­­– б­ауыр етіміз, балаға жасаған жақсылық – өзімізге жасаған жақсылық деп білейік! Аялы алақанымызды, қолұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту – барлық адамзаттың борышы. Мектебімізде осындай игі істер апта сайын жалғасын тауып, қайырымдылықтар жалғаса береді деп сенеміз.

Қ.АлматайҚарсай ауданы

Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясы

директорының

   тәрбие ісі жөніндегі орынбасары