“Ұжымдағы психологиялық ахуал” тақырыбында станциялық ойын өткізді.
Мектебіміздің психологтары мен әлеуметтік педагогы “Mentori school-2025” жобасы аясында “Татуластыру қызметі” бағытындағы ментор оқушылармен “Ұжымдағы психологиялық ахуал” тақырыбында станциялық ойын өткізді. Оқушылар 5 топқа бөлінді және әр топқа маршрут парағы берілді. Сол бойынша оқушылар : 1. Арт терапия 2. Музыка терапиясы 3. Құм терапиясы 4. Ертегі терапиясы 5. Гештальт терапиясы атты 5 станциядан өтті. Бұл іс-шара оқушылар үшін өте қызықты болды және ерекше әсерлер алғанын жасырмады.