Материалы за 11.02.2023 » Алматы облысы Қарасай ауданы отдела образования по Карасайскому району
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа-гимназия села Алмалыбак
отдела образования по Карасайскому району
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72771) 5-51-42
Бухгалтерия
+7(72771) 5-34-94
Версия для
слабовидящих
Қайырымдылық жәрмеңкесі
11
февраль
2023
Қайырымдылық жәрмеңкесі
Сіздермен біздің мектебімізде өткен “Қайырымдылық жәрмеңкесінің” сәттерімен бөліскіміз келіп тұр. Жәрмеңкенің басты мақсаты - оқушылардың адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік сезімін оятып, оларға өздері пісірген тағамдарын сату және жиналған ақша арқылы балалар үйіне өз үлесін қосу болды. Қуана-қуана дайындамаларын пісіріп әкелген мектеп белсенділеріне алғыс айтамыз! Жәрмеңкеден жиналған қаржы міндетті түрде балалар үйіне бөлінетін болады.
"Қайырымды істер жасау" марафоны
11
февраль
2023
"Қайырымды істер жасау" марафоны
Осы аптада мектеп-гимназиямызда "Қайырымды істер жасау" марафоны жүргізілді. Марафонның басты мақсаты - мейірімділікке баулу, оқушыларымыздың саналы, ерікті түрде айналадағы адамдарға көмектесуі, қамқорлық көрсете білуі. 7 " Ғ" сыныбының қайырымдылық таныту аясында атқарған жұмыстары
Патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу
11
февраль
2023
Патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу
Мектебімізде Республика күніне орай ұйымдастырылған 5-6 сыныптар аралығында "Патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу" сайысы болып өтті. Сайыс жеңімпаздарын құттықтаймыз.
М. Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы
11
февраль
2023
М. Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы
Мектебімізде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай 9-10 сыныптар арасында, сахналық қойылым сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Мұхтар Әуезовтің шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау. Жүлделі 1 орынды "Қарагөз" шығармасы желісімен 10 "Ә" сынып оқушылары , 2 орынды " 9"Ж" сынып оқушылары,3 орынды "Қараш-қараш" шығармасымен 9"Д" сынып оқушылары иемденді.
"Адал ұрпақ" ұйымы
11
февраль
2023
"Адал ұрпақ" ұйымы
Бүгін Макаренко атындағы орта мектебінде өткен, " Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының аймақтық байқауынан , мектеп гимназиямыз 1 орынды иеленіп, ауданға жолдама алды.