1-11 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы мәлімет » Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-51-42
Есепші бөлімі:
+7(72771) 5-34-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2019

1-11 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 әлеуметтік қорғалмаған білім алушылармен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек бөлінетін қаржы жұмсау ережесі қаулысымен және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 бабы және «Қазақстан Республикасында орта білім беру жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылы тегін ыстық тамаққа жетім, аз қамтылған отбасы балалары, әлеуметтік көмек көрсетілген отбасылардан шыққан оқушылардың 2019 жылдың қыркүйек айында және 2020 жылдың қаңтар айында өтініш жиналды. Ыстық тамақ ішетін 1-10 сынып оқушылар саны 118.
Аудандық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы және мектеп әкімшілігі бекіткен ас мәзірі бойынша күнделікті тағамдар түрлендіріп жасалып отырады және мектеп мейірбикесі Л.Павлованың келісімі арқылы 2 аптаға әзірленеді. Ас мәзірін сапалы әзірлеу үшін асхананың санитарлық гигиеналық талаптарға сай болуын мектеп мейірбикесі тексеріп отырады, бракераждық журнал арналған. Мектепшілік бұйрықпен бекітілген комиссия кұрамы: Мектеп мейірбикесі- Л.Павлова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – А.Ерубаева, әлеуметтік педагог – К.Мырзатлеуова, кәсіподақ ұйымының жетекшісі – К.Алтынбекова, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы – Д.Жусипова асхана жұмысын, күнделікті тамақтың бекітілген ас мәзіріне сай болуын, сапасын, құрамын, салмағын нормасын тазалығын тексеріп отырады. Ол норма Қарасай аудандық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы және мектептің бекіткен ас мәзіріне сүйене отырып, комиссия мүшелері тексереді. Оқушылар асханаға белгіленген уақыт бойынша барады. Тамақтану уақыты 10- 15 минут.