«Тәлімгерлік – заманауи мектептегі коммуникацияның жаңа дизайны» атты ауқымды педагогикалық идеялар форумын » Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-51-42
Есепші бөлімі:
+7(72771) 5-34-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәлімгерлік – заманауи мектептегі коммуникацияның жаңа дизайны» атты ауқымды педагогикалық идеялар форумын
26
май
2022

«Тәлімгерлік – заманауи мектептегі коммуникацияның жаңа дизайны» атты ауқымды педагогикалық идеялар форумын


2022 жылдың 21 мамырында «Mentor School – 2025» жобасы бойынша тәжірибе алмасу, менторлар мен ментилердің қарым-қатынас нәтижелерімен танысу, қорытынды шығару мақсатында мектеп-гимназия ұжымы Іле Алатауы баурайында орналасқан «Аul RESORT» демалыс орталығында «Тәлімгерлік – заманауи мектептегі коммуникацияның жаңа дизайны» атты ауқымды педагогикалық идеялар форумын өткізді.Нетворкинг мақсаты – мұғалімдердің, білім беру ұйымдары басшыларының, мүдделі тараптардың интеграциясы, заманауи мектепте жаңа ұғымдар мен құндылықтарды құруға көмектесетін педагогтердің құзыреттілігін қайта құру болды.
Форумға «Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КММ директордың әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмысы жөніндегі орынбасары – Мұхметова Ғалия Жолтайқызы, Қарасай аудандық оқу-әдістемелік кабинеттің аға әдіскері – Нурсапаева Маржан Маулитаевна, Қарасай аудандық оқу-әдістемелік кабинеттің әдіскері – Нұрғазы Айнур Нурғазықызы және Алматы облысының білім ұйымдарының басшылары шақырылды.
Философия ғылымдарының докторы, Eurasian Center for People Management білім беру бағдарламаларының жетекшісі, Қазақстандағы білім беру мекемелерін трансформациялау бойынша сарапшы – Канагатова Алмагуль Медихатовна, сертификатталған бизнес-тренер, РСС, МВА коучы – Нургуль Курманова, «COMUNITYPLUS мәдени-әлеуметтік және білім беруді дамыту қоры» қоғамдық қорының құрылтайшысы, "Клуб Неидеальных Родителей " (ҚХР, ерекше ата-ананы дамыту жобасы), " Главное Товарищество отцов " (ГТО, балалардағы soft skills дағдыларын дамыту жобаларының авторы – Эльмира Карманова, Eurasian Center for People Management білім беру бағдарламалары орталығының жетекшісі – Султанбек Кайым, "Digital Ustaz Almaty 2021" байқауының жеңімпазы, Galaxy International School гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі – Калиев Сагынгали Зейноллаевич, педагогика ғылымдарының магистрі, докторант, Спорт туризм академиясының ТОФКиС кафедрасының аға оқытушысы – Копжанов Ғалымжан Балыкбаевич, Спорт және туризм академиясының магистранты - Дүйсембек Аблай Сәмбебайұлы және «Аналар үйі» ресурстық орталықтың үйлестірушілері мен "Қазақстан волонтерлар лигасының» өкілдері педагогика саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті