EdCrunch — білім беру саласындағы жаңа технологиялар бойынша Еуропадағы ірі конференция өтті » Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-51-42
Есепші бөлімі:
+7(72771) 5-34-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » EdCrunch — білім беру саласындағы жаңа технологиялар бойынша Еуропадағы ірі конференция өтті
08
декабрь
2021

EdCrunch — білім беру саласындағы жаңа технологиялар бойынша Еуропадағы ірі конференция өтті

2021 жылдың 7,8 желтоқсан күндері Алматы қаласында EdCrunch — білім беру саласындағы жаңа технологиялар бойынша 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Еуропадағы ірі конференция өтті.

Мектеп- гимназия ұстаздары EdCrunch конференциясына барды, онлайн форматта да қатысты.

Бұл жылы конференция 2 күн бойы 7 арнада көрсетілді, 25 елден 300 спикер өз білімімен бөлісіп, әлемнің кез келген нүктесінен тәулік бойына қолжетімді болды.

Спикерлер арасында кинорежиссер Владимир Битоков, биология ғылымдарының докторы Вячеслав Дубынин, өнертанушы, көрме шолушысы және мұражайларға кәсіби келуші Юлия Панкратова, журналсит, интервьюер Ирина Шихман, «MindCET» бас директоры Ави Варшавски, «Cintana Education» президенті
Рик Шэнгроу, ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) Білім және дағдылар жөніндегі директоры Андреас Шляйхер, Бостон колледжінің Линч білім беру және адам дамуы мектебінде білім беру саласындағы профессоры Маттиас Фон Давье, режиссер, сценарист, технологиялық кәсіпкер, Bazelevs кинокомпаниясының негізін қалаушысы Тимур Бекмамбетов және өзге де жоғары дәрежедегі спикерлер түрлі тақырыптарда ой қозғады.