19
март
2021
"Балалардың психологиялық денсаулығы" тақырыбында мазмұнды вебинар өткізілді.
2021 жылдың 19 наурыз күні 1-11 сынып ата-аналарына "Балалардың психологиялық денсаулығы" тақырыбында мазмұнды вебинар өткізілді. Вебинар 4 топқа бөлініп жүргізілді. 1-11 сыныптардан жалпы 321 ата-ана белсенді қатысты. Олардан:
1-2 сыныптар бойынша 79 ата-ана;
3-4 сыныптар бойынша 84 ата-ана;
5-8 сыныптар бойынша 93 ата-ана;
9-11 сыныптар бойынша 65ата-ана.
Аталған іс-шараны Алмалыбақ ауылындағы мектеп-гимназиямыздың әкімшілігі мен психологиялық қызметі,ҚазҰҚПУ-нің психология кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырды. Вебинар спикері психология ғылымдарының магистрі Багыбаева Майгул Илиясовна ата-аналарға оқушылардың отбасыларындағы өмірлік қиындықтарды қауіпсіз жеңуге көмектесетін қажетті психологиялық білім мен дағдыларды берді. Сонымен қатар вебинар балалар психологиясының ерекшеліктеріне арналды,сондай-ақ тәжірибеден егжей-тегжейлі кейстер ұсынылды және тыңдаушылардың бірде-бір сұрақтары жауапсыз қалған жоқ.
Конференция жақсы достық атмосферада өтті. Ата-аналарға арналған веб-семинардан соң ата-аналар тарапынан жағымды хаттар мен пікірлер келіп түсті.