28
May
2019
Жеңіс Күні !
Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына осы жылы 74 жыл толды соған орай Мектеп-Гимназияның оқушылары мен әкімшілігі 9 мамыр 2019 жылы Жалпақсай ауылындағы «Скорбящая мать» ескерткішінде соғыста қаза болған азаматтар үшін гүл шоқтары қойылып , мәңгілік оты жанып , қаза болғандарды еске алдық . Сонымен қатар мектеп-гимназиямыздың тарапынан концерттік бағдарлама өтті , қонақтар ретінде соғыс ардагерлер мен тың игерушілер , ауған соғысының ардагерлері , ауыл тұрғындары және т.б. көптеген көрермендер болды . Қазақстан Республикасының Тұңғыш The presidentі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Біз тәуелсіз мемлекет құрып жатқан, төңірегімен достық қатынастағы, ішкі жағдайы тұрақты, тату бейбіт елміз. Бұл болашақтағы барлық жетістіктеріміздің де кепілі деп білемін. Біз бейбіт ел болсақ та, өткен соғысты ұмытқан жоқпыз, сондықтан қорғанысқа әзір болуға тырысамыз" . Соғыс жылдары адамзат тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болған. Біздің қаһармандарымыз біздің есімізде және жүрегімізде мәңгі қалады ! Тек қана бейбітшілік болып , аспанымыз ашық болсын !