08
April
2024
Күшіміз бірлікте! Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия директоры Махамбетова Сауле Оралхановна.
Мемлекет басшысы су тасқынынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеужолдады. Су тасқынынан зардап шегіп жатқан отандастарымызға шыдамдылық, отбасыларының амандығын тілейміз. Мемлекет басшысы айтқандай бұл жағдай өте күрделі болса да,ең бастысы-азаматтарымыздың амандығы. Ел басына күн туғанда алыпқашпа әңгімелерге ермей,ел үшін жасалып жатқан жұмысқа кедергі болмауымыз керек. Апат айтып келмейді. Апатпен күресіп жатқан да, зардап шегіп жатқан да, апаттың алдын алу мен зардабын жоюмен айналысып жатқандар да өз халқымыз, өз еліміздің азаматтары. Сананы сан- саққа жүгіртпей, жағдайға дұрыс баға беріп, қиын кезеңдер бір болайық ағайын. Ел мен жер амандығын тілейік. Мемлекет басшысы бар мүмкіндікті қарастыруда, оны орындаушы да өз азаматтарымыз. Мүмкіндігінше қолдау көрсетіп, жанымызға желеу болатын жақсы іспен,жақсы сөзбен демеу болайық.Осындай қиын кезеңде бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды.Бір ел,бір халық болып жұмылып бұл апатты еңсереміз,бұл біздің қолымыздан келеді. Күшіміз бірлікте!
Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия директоры Махамбетова Сауле Оралхановна!