Соңғы қоңырау » Алматы облысы Қарасай ауданы Department of Education in Karasai district
Municipal public institution
Secondary school-gymnasium Almalybak
Department of Education in Karasai district
Department of Education of Almaty region
Reception room :
+7(72771) 5-51-42
bookkeeping:
+7(72771) 5-34-94
Version for
visually impaired
28
May
2019

Соңғы қоңырау

«Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ- де 25.05.2019 ж «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізілді.
Түлектер үшін соғылып келетін соңғы қоңырау үні – сабақтың аяқталуы ғана
емес, сонымен қатар, жаңа өмірдің басталу белгісі секілді. Бұл күн
түлектер үшін ең салтанатты да көңілді, толқынысқа толы күн, өйткені олар
еш уайымсыз өмірлерімен қоштасады.
Мектеп алаңы түрлі – түсті шарлармен, жалаушалармен арнайы безендірілу болды. Бастауышпен қоштасқан 4 сынып оқушылары жаңа орта буында өз білімдерін көрсетпек.
Жиынға ата-аналар , қонақтар ,ұстаздар, мектеп түлектері және 1-11 сынып
оқушылары қатысты. Биылғы жылы мектеп – гимназиямыздан 47
түлек ұшты. 11 жыл бойы олимпиада, аудандық , облыстық ,
мектепішілік іс- шараларға қатысқан оқушыларымыз, кеше ғана тұлымдары
желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-
қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасты.
Мектеп директоры Махамбетова Сәуле Оралханқызы еңбек жолын білім
саласына сіңірген ұстаздарымызды, жыл бойы мектебіміздің ғана емес
ауданымыздың, облысымыздың, республикамыздың атынан әр-түрлі
байқауларға қатысқан оқушыларымызды марапаттады . 11 сынып оқушыларын
бүлдіршіндеріміз сәулелі жұлдыздар ретінде болашақтарын жақсылыққа
болжап , құттықтау тілектерін жолдады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша оқу
жылында қатарынан оза шапқан, дарынымен дараланған оқу озаттарын
үздіктерін марапаттады . Түлектер өздерінің ұстаздарына, сынып
жетекшілері мен ата-аналарына, олардың берген жүрек жылуы мен
түсіністігіне, мектеп қабырғасынан алған мықты білімдеріне, ертеңгі күнге
деген сенімділіктеріне алғыстарын білдіріп, мектеп қабырғасындағы жылдар
«керемет» болғанын айтты .
Барша жас түлектерді алда күтіп тұрған үлкен сын бар. Ұлттық Бірыңғай
тестілеуден абыроймен өтіп, ата-ананың үкілеген үміттерін ақтап, Тәуелсіз
Қазақстанның білікті маманы атану. Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ
қолында. Еліміздің Тұңғыш The presidentі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылды «Жастар» жылы деп жариялады . Сондықтан жастарға өте үлкен үміт артқарылған. Мектеп түлектерімізге алдағы емтихандар мен UNT – ны сәтті тапсыруға мектеп-гимназиямыздың атынан шын жүректен тілектеспіз !
Мектебіміздің биылғы «Сыңғырла, соңғы қоңырау !» атты салтанатты жиын
жылдағы шаралардан ерекшелігімен есте қалмақ. 10 – сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге түлектерге арнап арнайы патриоттық , көңіл-күйді көтеретін флешмоб ұйымдастырды.
Дәстүрмен соңғы қоңырау жиыны түлектеріміздің қоштасу сөзімен , соңғы вальсімен және мектеп-гимназиямыздың 2018-2019 жылдың соңғы қоңырау үнімен мерекеміз аяқталды .