"Mentor School" жобасы
19.02.2022 жылы мектебімізде "Mentor School" жобасы аясында мектебіміздің татуластыру қызметі бойынша кезекті кездесуімізді өткіздік.Кездесу барысында кездескен қиындықтар жайлы талқыланып, бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар, "Ментор жұмысының тиімділігін арттыру" тақырыбында тренинг жүргізілді.Тренинг барысында оқушылар тарапынан жағымды эмоциялар көп байқалды, кезекті кездесуіміз өз дәрежесінде өтті.