«Mentor Scholl– 2025» жобасы аясында «Мұғалім-ата-ана» » Алматы облысы Қарасай ауданы Department of Education in Karasai district
Municipal public institution
Secondary school-gymnasium Almalybak
Department of Education in Karasai district
Department of Education of Almaty region
Reception room :
+7(72771) 5-51-42
bookkeeping:
+7(72771) 5-34-94
Version for
visually impaired
» » «Mentor Scholl– 2025» жобасы аясында «Мұғалім-ата-ана»
26
февраль
2022

«Mentor Scholl– 2025» жобасы аясында «Мұғалім-ата-ана»

Мектебімізде бұрын сонды болмаған «Mentor Scholl– 2025» жобасы аясында «Мұғалім-ата-ана» бағыты қолға алынды. Әр сыныптан ең белсенді, жаңаша ойлай алатын ата-аналар мен шығармашыл мұғалімдердің басын қосқан жобаның алғашқы кездесуі 2022 жылдың 26 ақпанында күндізгі форматта өткізілді. Кездесуге 15-тен астам педагог – спикерлер және 60-қа жуық ата-аналар алғашқы жиналысын өткізді. Салтанатты ашылуы акт залында өтіп, жобаның мақсаттарымен және міндеттерімен таныстырылды. Сараптамалық сессияға «Критериалды бағалау» тақырыбы алынып, оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлерін, критериалды бағалау жүйесінің мазмұнын мен бағалау нәтижелерін түсіндірді. Ата-аналарымызға жобада керекті ақпаратты, ойларын ұмытпауы үшін мақсат, міндеттер, ойлар мен қорытындыларды жазып отыру үшін «Synergy» тобының логотипі бар арнайы блакноттар берілді.
«Синергия» тобының отырысында оқу-тәрбие үдерісін жақсарту бойынша мұғалімдер мен ата-аналардың жемісті ынтымақтастығына оң әсерін тигізетін күтпеген жоба болады деп ойлаймыз. Егер жоба жұмысымызға ата-аналар белсенділік танытса, дұрыс бағыт-бағдар болса, қызықты адамдармен танысуға, жаңа нәрселерді дамытуға және үйренуге көмек пен шабыт алуға көмектессе, онда біздің миссиямыз орындалды деп ойлаймыз.