15
April
2019
«Денсаулықты нығайтуға қолдау көрсетуші мектептер» жобасы
Мектебіміз «Денсаулықты нығайтуға қолдау көрсетуші мектептер» жобасын жүзеге асырған мектеппіз. Сондықтан 12 сәуір 2019 жылы мектеп-гимназиямызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға қолдау көрсетуші мектептер» жобасы бойыншатүсіндіру жұмыстары өтті,
Жиын барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстан бойынша кеңесшісі Лаура Өтемісова пилоттық жобаның негізгі функциясын көпшілікке түсіндірді. Республика көлемінде жоба негізінде жүзеге асырылып жатқан жұмыс деңгейін мониторинг бойынша көрсетті. Сонымен қатар, «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» туралы бейнеролик ұсынылды. Жиынның басты мақсатына тоқталатын болсақ, ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер» жобасы аясында балалардың денсаулығын нығайту, дұрыс тамақтану, балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдық деңгейін төмендету, мектеп медицинасының денсаулықты нығайтуға ықпалын жақсарту болып табылады.Мұнан бөлек, жобаға қатысатын мектептер үшін ДДҰ сарапшылары ұсынған тәжірибелік нұсқаулық жақын уақыттарда мемлекеттік тілге аударылып, ДСДРО интернет-ресурсы арқылы таратылады, яғни, барлық қызығушылық танытқан тұлғалар үшін қол жетімді болатыны жайлы сөз етілді. Сонымен қатар, «Қазақстандағы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» санын арттыру үшін Еуропадағы Денсаулық мектептері желісінің сайтына ұқсас қазақстандық сайт жасалатыны туралы да айтылды. Жиын соныңда келген комиссия мүшелері жобаның қалай іске асып жатқанын көру мақсатында мектепті аралап шығып, оқушылар мен ата-аналардың ұйымдастырған «әке, ана және мен» атты спорттық эстафета жарысын тамашалады.