«Бутово» №1883 мектебімен халықаралық тәжірибе алмасу семинары өтті
Ресей мемлекетіндегі «Бутово» №1883 мектебімен бірлесіп, тәжірибеге бағытталған халықаралық дәрежедегі семинар өткізілді. «Тәуекел тобындағы ерекше назар аударуды қажет ететін балаларды педагогикалық-психологиялық қолдаудың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша екі мектептің педагог-психологтары өз тәжірибелерімен бөлісті. Білім беру ұйымдарының басшылары С.О.Махамбетова мен Л.Е. Зерниченко алғашқы болып сөз сөйледі.