Ашық есік күні
25 қараша күні мектебімізде «Ашық есік күні» болды. Жалпы 60 ашық сабақ сабақ кестесі бойынша өткізілді. Педагогтер «Апгрейд 45 минут» және БИС технологияларын қолданып, балалардың белсенділігін арттырып, қызығушылықтарын оята алды. 2Ғ, 2Г, 3В, 3Ж, 4Ж, 6Б, 6Д, 6З, 7Ә, 7Ғ, 7Б, 7Ж, 7Г, 7З, 8А, 8Ә, 8Ғ, 8В, 8Г, 8Д сыныптарына сынып сағаттары да классбилдинг, тимбилдинг форматында өткізілді. Ашық сабақтардан кейін, әдістемелік отырыста өткізілген сабақтар, сынып сағаттары бойынша талдау жасалынды.