«Mentor School-2025» жобасын таныстыру » Алматы облысы Қарасай ауданы отдела образования по Карасайскому району
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа-гимназия села Алмалыбак
отдела образования по Карасайскому району
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72771) 5-51-42
Бухгалтерия
+7(72771) 5-34-94
Версия для
слабовидящих
20
октябрь
2022

«Mentor School-2025» жобасын таныстыру

Біздің мектеп-гимназияда 2021 жылдың мамыр айынан бастап «Mentor School-2025» жобасының алты бағыты бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі семинар-конференцияларда «Mentor School – 2025» жобасына тыңдармандар оң пікір қалдыруда. Қызығушылығы ерекше болған әріптестеріміз сонау Маңғыстау облысынан, атап айтқанда, №7 мектеп-лицейінің директоры Қабылқақова Жания Болатқызы, Қаратөбе жалпы білім беретін мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Жаңбыршина Гауһар Мизанқызы жоба бойынша тәжірибе алмасу, менторлар мен ментилердің қарым-қатынас нәтижелерімен танысу, үйрену мақсатында іссапармен келіп қайтты.
Оқушылар, ата-аналар және мектеп мұғалімдері жоба бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе, біздің қонақтарымызға ата-аналардың баяндамасы ерекше әсер етті,себебі шынайы қамқорлық, назар, қызығушылық сезілді. Ментор ата-аналар мектептің нағыз серіктесі болып, мектеп мәселелерін шешудің көптеген жолдарын көрсетті. Әріптестер менторлықтың екі жаққа да тиімді процесс екеніне көз жеткізді. Сондай-ақ, қонақтарды оқушыларымыздың мәлімдемесі таң қалдырды. Олар жобаның барлық нюанстарын, қалай дайындалғанын, менторлар мен ментилерді қалай таңдағанын, қазіргі таңда қандай дайындық жүріп жатқанын айтып берді. Балалар жоба жұмысының өте маңызды тұсын атап өтті, ол - барлығына және барлық нәрсеге жауап бере білу. Бұл нағыз көшбасшының қасиеті!
Қонақтар жобаның барлық қатысушыларына алғыстарын білдірді. Іске асырылып жатқан "Mentor School-2025" жобасының тиімділігі мен өзектілігіне көз жеткізді.