Жаратылыстану пәндерінің онкүндігінің есебі » Алматы облысы Қарасай ауданы отдела образования по Карасайскому району
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа-гимназия села Алмалыбак
отдела образования по Карасайскому району
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72771) 5-51-42
Бухгалтерия
+7(72771) 5-34-94
Версия для
слабовидящих
19
март
2021

Жаратылыстану пәндерінің онкүндігінің есебі

Жаратылыстану пәндерінің онкүндігінің есебі
16.11.20 - 27.11.20 аралығында Жаратылыстану пәндерінің онкүндігі өтті. Оған 6-11 сынып оқушылары мен жаратылыстану әдістемелік бөлімінің мұғалімдері қатысты.
Мақсаты:   География,биология және химия сабақтарында және сабақтан тыс іс -шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру,ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан -жақты жетілдіру.
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, сыныптан тыс іс- шаралар. Апта ағымында сыныптар арасында сыныптан тыс іс- шаралар өткізілді.
Биология пәні мұғалімі  Волковинская Н.Б. 9-11-сыныптар арасында «Интеллектуальная игра» атты сыныптан тыс жұмысын, химия және биология пәні мұғалімдері Берикболова Л.Т.,Ажиханова А.К. 6 сыныптар арасында «Жаратылыстану ғажайыптары » интеллектуалды ойынын ұйымдастырып, адамзаттың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға шақыру мақсатында көңілді іс-шаралар өткізді. Химия пәнінің мұғалімдері Рахымбаева П.М. 7 сыныптар арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» атты сайысын, Касымжанова А.С. және Берлибеков М.М. «Блиц турнир» интеллектуалды ойынын өткізді.Сонымен қатар, жаратылыстану әдістемелік бірлестігіндегі әр мұғалім өздерінің кезекті ашық сынып сағаттарын өткізді. География пәні мұғалімдері Тулегенова Г.Е.  және Бухарбаев Н.Д. «Қолайсыз атмосфералық құбылыстар» атты ашық сабақ ,биология  пән мұғалімі Берлибеков М.М. биология пәнінен «Классификация и номенклатура аминов » атты ашық сабақ, химия пәнінің мұғалімдері Касымжанова А.С.«Закон Авогадро. Молярный объем» , Ажиханова А.К. «Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару » тақырыбында химияны оқыту барысында кезекті сабағын жоғары деңгейде өткізді.