Жұмысқа қабылдау! » Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-51-42
Есепші бөлімі:
+7(72771) 5-34-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2022

Жұмысқа қабылдау!

Алматы облысы білім басқармасының «Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы» КММ-де 2022 жылдың 25.10-25.11 аралығында төменде көрсетілген пән бойынша жұмысқа қабылдау туралы өтінімдер қабылданады.
1. Дефектолог маманы – 1 орын.
Конкурсқа ниет білдірген кандидаттар!
Төменде көрсетілген құжаттарды almalybak_omg@mail.ru. почтасына немесе қағаз түрінде өткізулеріңізді сұраймыз.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 107 тармағына сәйкес (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) жүргізіледі.
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік
9) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы
Ескерту!!! «Педагог-сарапшы» санатынан жоғары мұғалімдерді қабылдаймыз! Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Конкурстың өтетін уақыты қосымша тағы жарияланады.
Мекен жайы:
Алмалыбақ ауылы, Хабибулина 12.
Байланыс телефоны:
8 747 6831808