​ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» байқауын бастады » Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-51-42
Есепші бөлімі:
+7(72771) 5-34-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ​ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» байқауын бастады
22
сентябрь
2022

​ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» байқауын бастады

​ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» байқауын бастады

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» байқауын бастады.

Байқауға қазір мектепте оқып жүргендер де, сондай-ақ ұстаздарына алғысы мен тілегін білдіргісі келетін мектеп бітіріп кеткендер де қатыса алады. Ол үшін Instagram, Facebook, TikTok әлеуметтік желілерінде #ұстаздаркүні #ұстазыңдықұттықта #деньучителя #поздравьсвоегоучителя хэштегімен мәтін, фото немесе бейне құттықтау жариялау қажет.

Акция биылдың 2 қазанына дейін жалғасады. Байқау қорытындысы 3 қазанда шығарылады. Ең қызықты, креативті құттықтаулардың авторлары ҚР Оқу-ағарту министрлігінен естелік сыйлықтар алады.

Барша қазақстандықты челленджге белсене қатысуға, өз мұғалімдерін кәсіби мерекесімен құттықтауға және олардың маңызды және игі еңбегі үшін алғыс білдіруге шақырамыз!