11
March
2022
«Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында семинар
Бүгін тарих пәнінің мұғалімі Буданова Гулжан Абдуалиевна мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ергали Асем Нургазыкызы жас мамандарға «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда ғылыми-жобаның тақырыбын таңдау, мақсаты мен міндеттерін анықтау, өзектілігін айқындау, балалардың қызығушылығын ескеру, жобаны талаптарға сай жазу т.б. өзекті мәселелерді қамтып, практикалық жұмыстар жүргізілді.